16-19 тамыз аралығында Қазақстандағы спорт күніне орай елордамыздың спорт алаңдарында 19 спорт түрінен жарыстар өткізіледі

Астана жаңалықтары: 16-19 тамыз аралығында Қазақстандағы спорт күніне орай елордамыздың спорт алаңдарында 19 спорт түрінен жарыстар өткізіледі

Алдағы демалыс күндері елімізде Спорт күні аталып өтіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, дене шынықтыру қызметкерлерінің кәсіби мерекесі тамыз айының әрбір үшінші жексенбісінде тойланады. Астанада мерекелік шаралар барлық спорт мекемелерінде ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

16-19 тамыз аралығында Қазақстандағы спорт күніне орай елордамыздың барлық спорт алаңдарында біруақытта 19 спорт түрінен жарыстар өткізіледі. Бағдарламаға қазақ күресi, гір көтеру, армрестлинг, асық ату, бүркітшілер жарысы, көкпар, тоғызкұмалақ, грэпплинг, шаңғыроллер, теннис, веложарыс, жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, академиялық есу, бокс, киокушинкай-кан каратэ, таэквондо, қоян-қолтық ұрыс, шайбалы хоккей енгізілді. Осы күндері спорт сарайлары, кешендері және қалалық спорт клубтарында өтетін жарыстарға 3 мыңға жуық спортшы қатысады. Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы саламатты және белсенді өмір салтын ұстанатын әуесқойлар мен кәсіпқойларды, қала тұрғындары мен қонақтарын жоспарланған шараларға қатысуға шақырады.
Әрі қарай